Жамбылдық дәрігерлер өңештің қатерлі ісігіне ота жасады

0 385

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының онкологиялық бөліміне өңештің қатерлі ісігі асқынған 52 жастағы Шу ауданының тұрғыны келіп түскен. Бойы мен салмағы қалыпты нормаға сәйкес келмейтін науқастың жағдайы алғашында өте нашар болған еді.

Шұғыл түрде қабылданған шешімнен соң науқасқа білікті де білімді, тәжірибелі дәрігер Жандос Сейдахметовтың басшылығымен ота жасалды. Ота барысында өңешке тотальды резекциясымен қоректік түтікше орнатылып, өңеш бойындағы өскіндер алынып тасталды. Сондай-ақ, асқазанды жұмылдыру ем-шаралы жүргізілген. Алғашқы отадан соң-ақ науқастың жағдайы жақсарып, арнайы түтікше арқылы тамақтана бастаған.
— Науқасқа бірнеше мәрте операция жасау қажет. Келесі жолы біз тоқ ішектің кесіндісінен өңеш арқылы қоректік заттардың өткізгіштігін қалпына келтірмекпіз. Яғни, табиғи жолмен тамақтануын жолға қоямыз, — дейді хирургия бөлімінің меңгерушісі Ж. Сейдахметов. Бүгінде 52 жастағы азаматтың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.

zhambyl.gov.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.