Жамбыл облысында заңсыз балық аулаудың 200 дерегі анықталды

0 207

Жамбыл облысында заңсыз балық аулаудың 200 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысында 2021 жылдың 16 сәуірі мен 30 мамыр аралығында “Уылдырық шашу” жедел-алдын алу шарасы өтті. Іс-шаралар су биоресурстары мен су объектілерін қорғау және сақтау бұзушылықтарын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған. – Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бес қылмыс және 200 заңсыз балық аулау құқық бұзушылығы анықталды.

Құқықбұзушылықтардың ішінде жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзудың екі дерегі, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдаудың жеті дерегі, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 46 дерегі, балық өсіру және балық шаруашылығы объектілерін қорғау қағидаларын бұзудың 13 дерегі және балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 134 дерегі орын алған. 200 адамға қатысты жалпы сомасы 1 954 390 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 977 195 теңгесі өндірілді.

Мәселен, Жамбыл, Талас, Шу және Жуалы аудандарының тұрғындарының атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз алып жүруінің үш және екі ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп, жойып немесе зақымдаған дерегі анықталды. Бес адамға қатысты ҚР ҚК-нің 287 және 340-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әшкеев Рахымберді. “Уылдырық шашу” жедел-алдын алу шарасы кезінде полицейлер құқықбұзушылардан 56 келіден астам балық, 550 метр синтетикалық монофиламент торлары, 12 тыйым салынған заттар (қолдан жасалған балық ұстайтын құралдар) және бір резеңке қайық тәркіледі.

polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.