Аппарат басшысының орынбасары басқармаға басшы болып барды

0 322
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Байқазақов Архат Қайратұлы Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Байқазақов Архат Қайратұлы 1990 жылы туған, білімі жоғары.
2012 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Шығыс Қазастан облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман болып бастаған.
2020 жылғы тамыздан бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
 

Leave A Reply

Your email address will not be published.