Жаманқұлов: «Менің Тоқаевқа жазған арызымды Жақып Асанов Назарбаевқа жеткізіп барды»

0 508

Бұл туралы Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

Президенттің қабылдауында өнер, мәдениет саласы, әртістердің еңбекақысының аздығы туралы сөз қозғадық. Соңында өзі «Өзіңіздің басқа не шаруаңыз бар?» деді. Біліп отыр ғой енді. Сезіп отыр ғой қиналып жүргенімді. Сосын мен оған «Маған ештеңенің қажеті жоқ, атақтарым орден-медальдарым бар. Сізден сұрайтыным бір-ақ нәрсе, мені мынау нақақ жаладан арашалап беріңіз» дедім. Ол «Жақсы, маған арыз жазып тастап кетіңіз» деді. Сөйтіп арызымды жазып, тастап кеттім. Ол кезде екі билік бар еді. Ертеңіне Жақып Асанов менің арызымды алды да шауып отырып, бұрынғы басшыға барды. Мен түсіндім рұқсат сұрауға барғанын. Ол кісі рұқсат бермеген болуы керек, маған «сіздікі дұрыс осындай, осындай» деген сыңайда хат келді. Өйткені мен соттан шығып, журналистерге сұхбат бергенімде » Мені бүгін бар, ертең жоқ, жаман шенеунігіне айырбастап, өнерді жығып берген көкеме өкпелімін» деп айтып жібердім. Оны естіген көкем «Отырсын онда» деген ғой, -деді Жаманқұлов сұхбат барысында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.