Жайылмадағы жүздесу

0 50

Кеше Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Жайылма ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында Жайылма ауылдық округіне қарасты Маятас ауылы Д.Сембин орта мектебінің жұмысын көрді.

Маятас ауылдық клуб үйі, кітапханасымен және дәрігерлік пункттің жұмысымен танысты.

Маятас ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Қойшыбаев аудан басшысының қадамына сәттілік тілей отырып, Маятас ауылына жаңа мектеп ғимаратын салу.

Бүркітті су қоймасының екі шақырым су науасын (лоток) жаңадан ауыстыруға ықпал ету (Биылғы 2021жылы ЖСҚ сәйкес 28 000 000 тг қаражат бөлінген).

Маятас клуб үйінің жылу жүйесіндегі қазандығын ауыстыру жөніндегі көпшіліктің ұсынысын жеткізді.

Сонымен қатар Жайылма ауылдық округіне қарасты Қызылдихан ауылының Қызылдихан мектебі, Қызылдихан дәрігерлік пункті және Қызылдихан клуб үйімен кітапханасының жұмыстарымен танысты.

Ал, Қызылдихан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Жылқыбаев және ауыл тұрғындары да құтты қадам тілеп, көкейлерінде жүрген пікірілерін білдірді.

Аудан әкімінің келесі бағыты Жайылма ауылындағы әлеуметтік нысандармен ұласты. Атап айтар болсақ «Балауса» балабақшасы, Жайылма мал дәрігерлік пунктінде, балалар жасөспірімдер өнер мектебі, Жайылма ауылындағы Б.Тоғызақбаев атындағы спорт мектебі, «Ысқақ пірадар» мешіті, Жайылма клуб үйімен кітапханасы, Әйтеке би мектебі, Жайылма дәрігерлік амблаториясы және «Жайылма нан» наубайханасында болды.

Жайылма ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері Т.Қажыкенов, К.Оспанов және ауыл тұрғындары аудан әкімімен кездесу барысында Талас өзенінің суын Жайылма ауылдық округінің шабындық жеріне жетуіне ықпал ету. Тоғызкент ауылдық округінің мал жайылымдық жеріне кететін су ретегішін (шлюз) жабу жөнінде керектігін назарға салып өтті.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтың Сарысудағы барлық ауылдық округ, бөлімдермен танысу жұмыстары жалғасын табуда.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.