Зеленский Еуропа уәдесін орындамады деп шағымданды

0 318

Келісімге қарамастан Еуропалық одақ елдері Украинаға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жібермейді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Варшавада өткен бірінші Польша Конституциясының 230 жылдығына арналған шарада мәлім етті, — деп хабарлайды EADaily.

«Біздің ел ештеңе алған жоқ. Бұл әділетсіз», — деді Зеленский. Ол қазір вакцинаның 200 миллион дозасын жеткізу туралы келісімдер бар екенін, бірақ ол жылдың аяғында — биыл үшінші немесе төртінші тоқсанда жеткізілетінін айтты.

Зеленскийдің айтуынша, Украина Ұлыбритания, Үндістан және АҚШ-пен келісім жасасқан. Бірақ қазір елде 1 миллионнан аз адам екпе салдырған.

«Бұл халық санын ескерсек, өте аз», — деді Зеленский.

3 мамырда Украина денсаулық сақтау министрі Максим Степанов соңғы мәліметтер бойынша, пандемия кезінде елде 2,1 миллионға жуық COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелгенін айтты. Оның ішінде өткен тәулікте 2 758 жағдай. Елде 44 750 адам қайтыс болған. Тек 755,1 мың адам вакцина салдырған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.