Ұлыбританияда карантин кезіндегі алғашқы рұқсат берілген концерт өтті

0 244

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында 5 мың адам қатысқан сынақ концерт өтті

Телеарна мәліметінше, ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға көрермендер маскасыз келді. Әлеуметтік қашықтық та сақталмады.

Бұл концертті үкімет елде бұқаралық іс-шараларды өткізуді қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырды. Осы арқылы билік қоғамдық шарада вирустың қалай тарайтынын тексермек. Осы себепті шараға ПТР-тест тапсырып, вирусты жұқтырмағаны анықталған адамдар кіргізілді. Бірақ олар концерттен кейін 5 күн өткен соң тағы тест тапсыруы тиіс болады.

«Концертке мыңдаған адам жиналады деп ойламаппын. Барлығы бетпердесіз жүр. Шараға қатысқаныма қуаныштымын. Бұл жазда өзге фестивальдерді өткізуге септігін тигізеді деп үміттенімін», — дейді жергілікті студент Гарри Каст.

Leave A Reply

Your email address will not be published.