Ұлттық жоба – рухани жаңғырудың жаңа кезеңі

0 560

Өткен жылдың 13 қазанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойған еді. 10 нақты Ұлттық жобаның ішінде «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – 3 бағыт, 7 міндеттен тұрады. Жобаның негізгі мақсаты – Ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы – қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру. Сонымен қатар, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамаларын жан-жақты қолдауды көздейді.

Жобаның бірінші бағыты – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани Жағырудың» құндылықтарын одан әрі дамыту. Мұнда мемлекеттік тілді дамыту міндеті бөлек белгіленген. Жалпы, бұл блок бойынша 38 жоба жоспарланған, оның түпкі мақсаты — ұлттың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қолдау мен дамыту. Ал, бағыт — «Ел рухы» деп аталады. Бұл бағыт бойынша, мәдениет саласындағы қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар, сонымен қатар отандық мәдени өнімдерді елге және шет мемлекеттерге танытуға бағытталмақ.

Бұл ретте, Жамбыл облысында ауқымды шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, 2021 — 2025 жылдарға арналған «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасына сәйкес мәдениет саласына қатысты «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту» бағыты бойынша «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың оқырман белсенділігін арттыру», «Ел рухы» бағыты бойынша «Мәдениет объектілерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуінің өсуі, оның ішінде шалғай аудандарда», «Зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қорын ұлғайту, оның ішінде мемлекеттік тілде» көрсеткіштері іске асырылуда.

Нәтижесінде, «Оқитын ұлт» жобасының нәтижесінде 2025 жылға дейін оқырмандардың үлесі 40 %-ға дейін арттыру жоспарланған (2021 — 25 пайыз, 2022 — 28 пайыз, 2023 — 31 пайыз, 2024 — 35 пайыз, 2025 — 40 пайыз).

Жоба аясында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы, «Әдеби өлкетану», «Нағыз оқитын кез» іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, «Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы» ақпараттық жүйесін жетілдіру, модификациялау және оған мобильді қосымшалар арқылы еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Айта кетер жайт, 2021 жылдың қорытындысымен «Оқитын ұлт» жобасының көрсеткіші 25,1 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, «Ел рухы» бағытын іске асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін 36 мәдениет объектілерін салу және 118 мәдениет объектілерін жөндеуден өткізу жоспарланған. Ал 2021 жылы жоспарға сәйкес облыс көлемінде 10 мәдениет нысандары пайдалануға беріліп, 39 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, 2021 жылы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін   азаматтар кітапханасының қоры 765 дана кітаппен толықтырылып, (оның мемлекеттік тілдегісі 464 дана кітап), жалпы кітапхана қоры – 39091 дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар саны – 18248 дана.

2022 жылдың І тоқсанында «Оқитын ұлт» жобасы аясында оқырмандар үлесі 8,3 пайызға орындалды.

«Ел рухы» бағыты бойынша осы жылдың 4 мәдениет нысанының құрылысы мен 32 нысанның жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі күні ҚР «Мемлекеттік сатып алу» туралы заңының талаптарына сәйкес конкурстар өткізіліп, мердігерлер анықталды.

Қорыта келгенде, сөз жоқ, мазмұны жағынан бұл мәні терең, ауқымы өте кең жоба. Бұл – қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың мәдени болмысы, тарихы мен тамыры. Сондықтан, әсіресе қазіргі жаһандану кезеңінде оны сақтап қалу, ұрпақ бойына сіңірудің маңызы зор. Өйткені, бүгінгі ұрпақ бойына «ұлттық код» ұғымын қаншалықты терең сіңірсек – ол біздің ертеңгі ұлт болып қалуымыздың кепілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.