Ұлттық ұлан сарбаздары өзенге секірген қызды құтқарды

0 177

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің қызметшілері суға секіріп, өзіне қол салғысы келген қызды құтқарды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Оқиға 25 мамыр күні сағат 13.30 шамасында қала ортасындағы Есіл өзенінде болды.

Адам тығыз орналасқан аудан болғанына қарамастан судың бойындағы өзін ерсі ұстаған қызға ешкім көңіл бөлмеген. Әскери жасақ бастығы қатардағы Илья Мащенко және патрульшілер Артем Григорьев пен Эрик Косян өзен бойында қызметте жүріп, қыздың суға секіргенін байқап, тез арада құтқаруға кіріскен», – деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Қатардағы жауынгер Эрик Косян суға секіріп, бойжеткенді жағаға алып шыққан. «Жағдайды нақтылай келе, 1995 жылы туған қыздың психологта тіркеуде тұрғаны анықталды. Бойжеткеннің өз-өзіне неліктен қол жұмсағысы келгені белгісіз. Жоғары басшылық тарапынан әскери қызметшілер мадақтамаға ұсынылды», – дейді Ұлттық ұлан.

Еске салсақ, Павлодар облысындағы Солнечный елді мекенінің тұрғыны ГРЭС-2 каналына батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқарып қалған еді. Оқиға кеше, 24 мамырда, 18 сағат 35 минутта болған.

Белгілі болғандай 30 жастағы жергілікті тұрғын Денис Леонтьев есімді азамат ГРЭС-2 каналының маңынан өтіп бара жатып, суға батқан жеткіншектерді байқап қалған. Ер адам бірден көмекке ұмтылған. Құтқарылған жасөспірімдердің 2009 және 2010 жылдары туған балалар екені анықталды. Олар шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

NUR.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.