ҰБТ-ҒА САПАЛЫ ДАЙЫНДЫҚ – НӘТИЖЕ КЕПІЛІ!!!

0 310

Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ десек, Президент жыл сайын Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар беріп, «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін атап көрсетеді.


Сапа – оқушының тынымсыз еңбегінің, ал оқытушының шығармашылығымен ізденісі, жүйелі жұмысының нәтижесі екені сөзсіз. Осы сапа көрсеткіші ҰБТ қорытындысынан байқалады. Жыл сайын мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Әр тестілеу сайын мыңдаған ата-ана мен ұстаз бұл айрықша емтиханның нәтижесі қалай болар екен деп қобалжитыны белгілі. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуде тиісті өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда ҰБТ электронды форматта ұйымдастырылып келеді.

Сонымен, мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Биылғы ҰБТ нәтижесі қуантады. Былтырғы жылдағы орта балл көрсеткіші 62,3 болса, биылғы жылы орташа есеппен 77 болып тұр. Әлі де аяқталған жоқ. Күтілетін нәтиже -79-80 орта балл.

Ерекше атап өтетін көрсеткішті #1ЖББМГ оқушысы Мурсалимов Адилет-133 балл, #17 ЖББМГ оқушысы Марсель Юрьев-130 балл, #9ЖББМЛ оқушысы Асқар Қаламқас-127 балл, #39 ЖББМГ оқушылары Болат Қарлығаш-126 балл, Токтагул Дина -125 балл жинап облыс көлемінде үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қатар 47 түлек Алтын белгіге үміткер болып 100% өз білімдерін көрсете алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.