Whatsapp үкіметті сотқа берді

0 247
WhatsApp қосымшасының өкілдері Үндістан үкіметін сотқа берді.

Арыз Делидің Жоғарғы сотына жіберілген. Бұған ресми Делидің цифрлық БАҚ-та ақпарат жеткізуді реттеуге бағытталған жаңа ережелерді қабылдауы түрткі болған. Мессенджер өкілдері жаңа ережелердің бір тармағы Үндістан Конституциясында бекітілген азаматтардың жеке өмір құқығына қайшы деп отыр.

Жаңа нормаға сәйкес, үкіметтің талабы бойынша Whatsapp ақпаратты бірінші жіберген қылмыскер туралы деректі беруге тиіс. WhatsApp өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайда хабарламалар шифрлау арқылы қорғалғандықтан, тек жіберуші ғана емес, сонымен қатар хабарламаны алушы туралы да мәлімет берілмек. Әзірге шағымның қашан қаралатыны жарияланбады. WhatsApp та нақты осы арызға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.