Вакцинаға қатысы жоқ: Алматыдағы аяқ-қолы құрысып қалған дәрігерге қатысты түсініктеме берілді

0 14

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев акушер әйелдің аяқ-қолының құрысып қалуының коронавирус вакцинасына қатысы бар-жоғы туралы айтып берді.

«Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында акушерка болып жұмыс істейтін қыздың жағдайына қатысты комиссия жұмысын аяқтады. Оның аяқ-қолының құрысып қалуының вакцинаға ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Комиссия оның жағдайын өзін-өзі ұстай алмау, уайымға салыну деп бағалады. Деректердің толық қорытындысын күтеміз. Қазір ол ата-анасының бақылауында», — деп жауап берді Табынбаев.

Еске салайық, әлеуметтік желіде вакцина алғаннан кейін аяқ қолы тартылып, құрысып қалған қыздың видеосы тарады.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев оқиғаның шынымен болғанын растады. Оның сөзінше, видеодағы әйел перинатология және балалар кардиохирургия орталығында акушер болып қызмет етеді.

stan.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.