Украиналық елші Таиландта өлі табылды

0 277

Украинаның Таиландтағы елшісі Андрей Бешта Ко-Липе аралындағы қонақүйде өлі табылды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Associated Press басылымының мәліметінше, 45 жастағы Андрей Бешту шамамен таңғы сағат 06.30-да қонақүйдегі бөлмесінен өлі табылған. Елшінің ұлының сөзінше, оның жағдайы жақсы болған. Таңертең дипломат оянған кезде улану симптомдары байқалған, артынша есінен танып қалған.

Таиланд полициясының мәліметінше, ер адамның денесінде зорлық белгілері болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, украиналық елші жүрегі ұстап, қайтыс болуы мүмкін. 

Дипломаттың денесі жергілікті ауруханаға жеткізілген, содан кейін өлім себебін анықтау үшін Бангкоктегі полиция госпиталіне жеткізілген.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.