Уилл Смиттің қызы: Бір адаммен ғана өмір сүру көзге шөп салуға әкеп соғады

0 307

Голливуд актеры Уилл Смиттің 20 жасар қызы, әнші Уиллоу каминг-аут жасады. Ол – полиамор екен.

Оның түсіндіруінше, полиамор – жұптардың бірін-біріне басқалармен романтикалық байланысқа түсуіне рұқсат беретін еркін қатынас. Мұны ол тікелей эфир арқылы 49-дағы анасы Джаде Пинкетт-Смит пен 67-жастағы әжесі Эдриен Банфилд-Норриске түсіндіруге тырысқан. Оның сөзіне қарағанда, моногамия көзге шөп салуға әкеп соғады. Ал полиамория ашық әрі адал форматтағы қатынас көрінеді.

«Сіз төсек ләззатын ұдайы қаламайсыз дейік. Ал күйеуіңіз қажет етеді. Сонда не, бір адамда қажеттілік болмаса, екінші адамда да болмауы керек пе?» – деп сауал тастайды ол.

Бір қызығы, Уилл Смиттің қызы да, әйелі де әйелдерге құмар екенін ашық мойындап отыр. Бірақ, қызы әлі әйелдермен жақындасып көрмепті.

sheraga.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.