Түркістанда жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылды

0 235

Түркістан облысының полициясы Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы мектеп оқушысын тапты. Қызды іздеу төрт күн бойы жүргізілді.

 

Жедел топ пен мобильді топтар жақын маңдағы ауылдардың барлығын, ауылдағы барлық қараусыз қалған ғимараттарды тексеріп, қыздың сыныптастары мен достарынан, туыстары мен таныстарынан сұрап, іздестірген. Жоғалған қыздың фотосуреттерін полиция әлеуметтік желде және барлық бұқаралық ақпарат құралдарында таратқан. Бірақ бұл іздеулер нәтиже берген жоқ.

«Қызды іздеу жұмыстары Шымкент қаласында да жүргізілді. Нәтижесінде 7-нен 8 маусымға қараған түні полиция Шымкенттегі салынып бітпеген ғимараттардың бірінен жасөспірімді аман-сау тапты. Қыз Шымкент қалалық полиция департаментінің бөлімшесіне жеткізілді. Жасөспірімнің үйінен не себепті қашып кеткені анықталуда», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының Жетісай ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы Әсия Таған із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Жұма, 4 маусымда, қыз түскі астан кейін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалып кеткендердің ата-аналары полицияға жүгінген.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.