Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

0 893

10 сәуірде Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің  ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына премьер-министр Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды, кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталған.

Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 га аумақта орналасқан. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді. Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы «қайық шеруі» театрландырылған шоуы өткізіледі.

Сондай-ақ Мамин Түркістандағы Қазақ музыкалық драма театрына, облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаcына барды.

Сабира Жанаберген

Leave A Reply

Your email address will not be published.