Түркістан облысында төрт әйелі бар ата той жасады

0 2 103

Түркістан облысында төрт әйелі бар атаның тойы дүркіреп өтті. Ерекше қуанышты «Шаншар» театрының әртісі жүргізген.

Шымкентте төрт әйелімен бірге қуанышын атап өткен ақсақал көпшілікті қайран қалдырды, деп хабарлайды Экспресс К.

«Шаншар» театырының әртісі Дәурен Әбиев жүргізген тойда қонақтар өте көп болған. Ал төрде алатаудай болып төрт әйелімен бірге қуаныш иесі қатар отырған.
Бейнежазба көпшілік арасына кеңінен тарап, талқыға түсті. Төрт әйелімен бірге той өткізген ақсақал ел алдында билеп, қуанышын көппен бөліскен.

Жасы алпыстан асқан той иесінің әйелінің үлкені өзімен қатар болса, кішісі қырықтан енді асқан. Алайда олардың нақты қандай адамдар екені белгісіз.

Әлеуметтік желіде қолданушылар той иесіне разы болса, екінші тарап оны жерден алып жерге салған.

«Қазақ байыса қатын алады деген осы», «Айғыр десе айғыр!», «Атамыз төрт әйелдің ортасында отыруы керек еді», «Бізге де жұғысты болсын», «Төртеуін теңдей ұстап отырған сізден айналдым» деп пікір білдірген.

Видео: https://exk.kz/kk/news/135453/turkistan-oblysynda-tort-iieli-bar-ata-toi-zhasady

Leave A Reply

Your email address will not be published.