Түркістан облысында полицейлер тереңдігі 5 метрлік дәретханаға түсіп кеткен екі бұлдіршінді құтқарып қалды

0 42
Түркістан облысының полицейлері тереңдігі 5 метрлік дәретханаға түсіп кеткен 3 және 10 жастағы балаларды аман алып шықты.

 

Сарыағаш АПБ кезекшілігінің 102 нөміріне  жергілікті тұрғын  әйел хабарласып, үйінің ауласындағы дәретханасының ішіне өзінің 3 жасар ұлы мен 10 жасар қызының абайсызда түсіп кеткенін айтып көмек сұраған. Полицейлер 2 минут ішінде оқиға орнына жетеді.

Полицейлер екі жасөспірімнің өміріне қауіп төнгенін ескеріп, ештеңеге қарамастан  балаларды құтқармаққа асығады. Себебі 5 метрлік әжетхана ішіндегі нәжіс 10 жасар қыздың иығына дейін жеткен. Ал жасөспірім қыз жанындағы 3 жасар бала, яғни інісін нәжіске батып кетпесі үшін көтеріп тұрған.

Полицейлер сәл кешіккенде кешіксе балалар иістен уланып қалуы да мүмкін еді. Сондықтан қос қызметкер жедел түрде әрекет етіп, бетоннан жасалған әжетхана еденін темір құралымен соққылап бұзған. Ішіндегі балаларға қауіп төнбесі үшін, әдіспен әрекет етті.

Содан соң полицейлердің бірі арнайы жіпті беліне байлап, 5 метр тереңдіктегі әжетхана ішінен бірінші 3 жасар ұлды, артынша 10 жастағы қызды аман есен алып шыққан.

Полицейлердің әрекетіне риза болған және балаларының әжетханадан аман шыққанына қуанған ана оларға алғысын айтты.

«Отбасымның ауласында келеңсіз жағдай орын алды сол себепті біз шұғыл түрде Сарыағаш ауданының полицейлеріне жедел түрде хабарластық. Сол мезетте тез арада келген Сарыағаш АПБ Қапланбек ауылының учаскелік полиция инспекторлары Асыл Ережепов пен  Нұрдәулет Еділов, Айсұлтан Сапаров келіп, өз көмектерін көрсетті. Шұғыл түрде аман есен балаларымды алып шықты. Сол себепті осы полиция қызметкерлеріне аналық алғысымды айтқым келеді және де осы қызметкерлер тиісті деңгейде марапатталса екен деймін. Жұмыстарына табыс тілеймін!», — деді Ажаркүл Саржанова.

Оқиғаға куә болған тұрғынның көршілері де өз ризашылықтарын білдірді: «Бізге келіп айқайлап көмек сұрады. Полицейлерге хабарластық, небары 2 минут ішінде тез арада келіп, балаларды құтқарды. Оларға алғысымыз шексіз. Олар өте жақсы жұмыс істеді. Егер біздің учаскелік полицейіміз болмаса, біз оларды құтқара алмас едік. Үлкен рақмет полицейлерге!», — деді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.