Түркістан облысында адасып кеткен үш турист туралы тың дерек шықты

0 248

Құтқарушылар Түркістан облысында адасып кеткен үш туристі құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Бүргілік тауынан табылған. 26-27 жастағы азаматтар. Сарыағаш ауданының тұрғындары. Олардың адасып кеткені туралы бүгін сағат 12:00-де Түркістан облысы Төлеби ауданының «101» қызметіне хабарлама түскен.

Іле-шала «Қазавиақұтқару» тікұшағы іздеуге шығып, сағат кешкі 17:30-да адасқандарды іздеп тапқан. Кешкі сағат 17: 55-те құтқарылған адамдар Шымкент қаласының әуежайына жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы Түркістан облысында бұған дейіңн жоғалған 7 адамның үшеуі табылған еді. Өкінішке қарай екеуінің тек денесі жеткізілді. Қалған екеуі әлі іздестіріліп жатыр.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.