Түрік халқын мақтаған Қарақат Әбілдина қазақ халқының кемшілігін айтты

0 1 810
Қарақат Әбілдина қазақ халқының кемшіліктері мен жағымсыз мінезі туралы айтты. Бұған дейін Түрік еліне сапар шеккен Қарақат пен Қыдырәлі Болманов түрік халқының халқының мінезін айтып мақтауын асырған еді.

Әншінің дана Абайдың сөздерінен мысал келтіріп, қазақ халқының болмысын сипаттап берді.

“Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағынының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ – мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді; Әрбір арсыз жалқаудан – сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Абайдың 3 – қара сөзі. Есіме еріксіз түсті бүгін. Ашып қарадым. Осы тұсын түртіп алдым. Ұлы Абай қарасөздерді 150 жыл бұрын жазды. Бірақ әлі де актуалды ! Бұл – қуанатын жағдай ма әлде қайғыратын жағдай ма?! – деп жазды әнші.

Бұған дейін Түрік еліне сапар шеккен Қарақат пен Қыдырәлі Болманов түрік халқының мінезін айтып мақтауын асырған еді. Ерл-зайыпты түріктердің қарапайым, адал әрі жайдары екенін айтты. Бұны мәдениеттіліктің жоғапы сатысы деп бағалады.

«Түркияда бәрі күліп жүреді. Ешкім ренжімейді. Ешкім жаман сөз айтпайды. Базарда әмияның түсіп қалса, артыңнан қуып жүріп әкеп береді. Таксиде затың қалса, таксист іздеп тауып қайтарады. Бәрі бір-біріне бауыр-дос. Бұл асқан мәдениеттіліктің көрінісі», — деді олар.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.