Тұңғыш Президент күніне орай көрме ұйымдастырылды

0 419

Таразда тергеу изоляторында арнайы контингент арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық бөлімінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай көрме өтті.

Көрме барысында айыпталушылармен сотталғандардың назарына Ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен шығармашылық жолы, Қазақстан Тәуелсіздігіне қол жеткізуі және дамуы жолындағы құжаттары мен жазған кітаптары және Елбасы туралы жазған авторлардың кітаптары ұсынылды.

Жалпы, бұл іс-шараның басты мақсаты –патриоттық идеясы аясында қазақстандық құндылықтарды көрсету, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуында Президенттің рөлін көрсету және де жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Әділхан Оразымбетов,
ЖД-158/1 мекемесінің арнайы контингент арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық бөлімінің бастығы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.