Төрехан әкім әріптестерін екпе салуға шақырды

0 484

Індетті жеңудің жалғыз жолы – екпе. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруковтың бізге берген сейсенбі күнгі мәліметіне сүйенсек, бүгінде Жамбыл ауданында 1028 тұрғын екпе салдырып үлгерген. Оның ішінде 504 медицина қызметкері, 453 мұғалім, 3 мемлекеттік қызметкер, 3 тәртіп сақшысы, 22 тұрғын, 36 әскери қызметкер.

Бүгін бұл тізімге 15 мемлекеттік қызметкерді қосыңыз. Округ әкімдері арасында Қарой ауылдық округінің әкімі Төрехан Тапжанов алғашқылардың бірі болып салдырған.
– Бүгін ресейлік «Спутник-V»вакцинасын салдырттым. Ақ халатты абзал жандарға рахмет. Екпеден кейінгі күтіну талаптарын екшелеп түсіндірді. Расыменде, халықаралық сарапшылар сөзінің жаны бар. Дертті тек екпемен ғана ауыздықтай аламыз. Осы орайда барша әріптестерімді яғни ауыл әкімдерін екпе салуға шақырамын, – деді Төрехан Жұмабекұлы бізбен әңгімесінде.

Ақжігіт Жетпісбай, Жамбыл ауданы

shanyraq.info

Leave A Reply

Your email address will not be published.