Тоқаев Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтады

0 236

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жансая Әбдімәлікті Гибралтардағы Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) Гран-при жүлдесін жеңіп алуымен құттықтады.

Бұл туралы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты.

Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», — делінген жазбада.

Айта кетейік, қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өткен Гран-при турнирінің төртінші кезеңінің жеңімпазы атанды. 1 маусымда қазақстандық спортшы 10-турда ресейлік Екатерина Лагномен тең түсті. Жансая Әбдімәлік сегіз ұпай жинап, қорытынды турдың алдында украиналық Мария Музычуктан 1,5 ұпай алда болды.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.