Томирис Байсафаның анасы сот үкімінен кейін алғаш рет сұхбат берді

0 69

Мәскеуде үш жыл бұрын көз жұмған қазақстандық ару Томирис Байсафаның анасы күдіктіге қатысты шыққан үкіммен келіспейді. Жанна Ахметова ары қарай апелляциялық сотқа арыз жазбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Отандасымыздың айтуынша, алқабилер соты жәбірленуші тарапты тыңдағысы келмеген, тіпті сот залынан шығарып жіберіпті.

Томирис Байсафаның өліміне қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды. Бір жыл бойы қамауда отырған Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлы сот залынан босатылды. Алқабилер оны кінәлі емес деп үкім кесті.

Бір жыл бұрын «әділдікке қол жеткіздім» деп қуанған Жанна Ахметова көзіне қайта жас алды. Ол қызының өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Никулин сотының «Томирис терезеден секірді» дегені де әйелдің үш ұйықтаса түсіне кірмейді. Неше жылдан бері шырылдаған ананың шындығына сотта ешкім құлақ аспапты.

“Судьяның тәртібі ұнамады. Ол біздің ескертуімізді тыңдамады, өтінішімді қабылдамады. Сөйлетуге мұрша бермеді. Қос тараптың жарыссөзі күні судья маған 100 рет ескерту берді. Қайта-қайта сөзімді аяқтадым ба, жоқ па, соны сұрай берді. Жәбірленуші тарап, соның ішінде мен, прокурор, айыптаушы 15 минуттай ғана сөйледік. Мұндай уақытта не айтып боласың?” –дейді Томиристің анасы Жанна Ахметова.

Осылайша аз ғана уақыттың ішінде көп мәлімет беруге тырысқан ананы алқабилер кейін сот залынан қуып шыққан. Ал күдіктінің бес сағат не айтқанын, қандай дәлел келтіргенінен Жанна бейхабар. Муртузали Меджидовтің қорғаушысы марқұм Томирис суицид жасауды бұрыннан ойлаған деп отыр.

“Істің дұрыс жүргізілуі үшін Меджидов пен Томиристің, сондай-ақ Томирис пен оның жақын құрбысы Лаураның арасындағы жазба ұсынылды. Мәселен, 2017 жылы марқұмның өзіне қол жұмсауы туралы ашық жазылған хабарлама табылды. Яғни Томирис суицидке бейім болған. Сол себепті алқабилер қорғалушымнан еш дәлел таппады”, – дейді Меджидовтің адвокаты Магомед Эсендиров.

Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы қызының құрбысының сатқындығы туралы айтты

Мәскеуде қаза тапқан Томирис Байсафаның анасын сот залынан шығарып жіберді
Томиристің өліміне қатысы бар деп айыпталған бай баласы Муртузали Меджидовті бүгін Никулин соты ақтап, сот залынан босатып жіберді.

Төртінші курс студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуір айында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының оқу корпусының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол 3-мамырда көз жұмды.

Ал 2020 жылдың 28-шілдесінде Муртузали Меджидовтің ұсталғаны белгілі болды. Ресейдің тергеу комитеті оған қатысты 105-ші «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады. Үкімде көрсетілгендей, алқабилерге төрт сұрақ берілген.

Біріншісі, қыз институттың терезесінен құлады ма дегенге, сот «иә» депті. Екінші сауалға алқабилер бұл әрекеттерді Байсафамен жанжал кезінде Меджидовтің жасағаны дәлелденгенін айтқан. Үшінші сұрақта күдіктінің қылмысқа қатысы жоқ десе, бір ғана алқаби Жаннаға жақтасыпты. Ал төртіншісін судья оқымай қойған. Жәбірленуші тарап сұрақтардың астарын түсінбеген және үкіммен келіспей отыр. Томиристің анасы енді әрі қарай апелляциялық сотқа шағымданады.

Мәскеудегі алқабилер соты Томирис Байсафаның өліміне күдіктіні ақтап шықты.

stan.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.