Төлебиліктер қуанған күн

0 313

 

Бүгін Шу ауданы  Төле би ауылында екі бірдей спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Замануи үлгіде салынған алаңшалардың бірі Асатаұлы көшесінің бойында, енді бірі Аша мөлтек ауданында орналасқан.

Шу ауданының орталығы Төле би ауылында 4200 түтін бар. Ауыл балаларына орталықтағы стадионға бару қиынға соғып жатады. Осы жағы ескеріліп, 2 жерден алаңша салынды. Мұнда ойын балаларынан бөлек егде жастағы кісілердің де спортпен айналысуына мүмкіндік мол. Қосымша стрит воркаут алаңшалары да жұмыс жасайды.  Ал, 3000 аса халқы бар Аша мөлтек ауданында салынған спорт алаңшасы тұрғындарды тіптен қуантып отыр. — Енді балаларымыз доп тебетін алаңша іздеп алысқа бармайды. Және уайымдамай отыратын болдық. Осындай үлкен қолдау жасап жатқан облыс, аудан басшылығына алғысымыз шексіз, -дейді тұрғын Асем Серікқызы.

​ Ауданымызда өткен жылдың өзінде дәл осындай үлгідегі 10 спорт алаңшасы салынған . Онда көбіне шалғай елдімекендер қамтылды. Осы жылы Шу қаласында 2, Төле би ауылында 2 нысан ел игілігіне жарап тұр. Сондай-ақ, алдағы уақытта Шоқпар, Ақтөбе ауылдары мен Шу қаласындағы Қант зауыты мөлтек ауданында соңғы үлгідегі спорт алаңшалары салынатын болады.

Біз дені сау, білімді, білекті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. ​ Бұл өңіріміздегі талай таланттың бағын ашып, спорттық бабын шыңдайды деген сенімдеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.