«Теңізге» жұмысқа орналастырамын деп 15 адамды алдаған маңғыстаулық ұсталды

0 708
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 15 адам мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деп уәде берген алаяқтың құрбаны болды
Полиция мәліметі бойынша, Маңғыстаудың 23 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілерде Атырау облысындағы «Теңіз» мұнай компаниясына жұмысқа қабылдау туралы хабарлама берген. Өтініш берген үміткерлермен ол телефон арқылы сұхбат жүргізіп, әр үміткерден «көмегі» үшін 100 мың теңгеден алған. Ақшаны алғаннан кейін күдікті жұмыс мәселесі шешілетінін айтып, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан.

Жалпы күдіктінің қармағына 15 тұрғын іліккен. Адамдар алданғанын түсінген кезде полицияға арыз жазған.

Ведомство өкілдері тергеу барысында күдікті бірнеше өңір тұрғындарын алдағаны анықталғанын айтты. Ол ақшаны букмекерлік кеңсе ойындарына тіккен.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді полиция баспасөз қызметіндегілер.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.