Теміртауда балалардың төбелесіне араласып, оқ атқан әкенің видеосы жарияланды

0 120

Теміртауда төбелесіп қалған баласы үшін атыс шығарған әкенің видеосы пайда болды. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі мәліметі бойынша мылтықтан оқ атқан ер адам ұсталды.

«9 мамырда жедел-іздестіру шарасы барысында Теміртау полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Armsan маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.