Таразда жамбылдық фотографтардың көрмесі өтті

0 633

Таразда Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай “Жамбыл облысы – фотографтарының қиял шеруінің мекені” атты облыс фотографтарының көрмесі өткізілді. Облыс әкімдігінің туризм басқармасы ұйымдастырған шарада аймағымызға танымал фотографтардың туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, бұл күні жамбылдық қолөнер шеберлерінің бұйымдарын сатуға арналған 5 киіз үй пішінді сауда нүктелері таныстырылды.

“Көне Тараз” тарихи-этномәдени кешені маңынан ашылған сауда орындарында облысымыздың қолөнер шеберлерінің бұйымдары сатылады. Киіз үй пішінді нысандардың биіктігі 4 метр, ұзындығы 6 метрді құрайды.  Кез келген қолөнерші өз бұйымдарын ақысыз түрде кестеге сәйкес сағат 9:00-ден бастап сатуларына болады.

#Qazaqstan30

Leave A Reply

Your email address will not be published.