Таразда карантин талаптарын бұзу тоқтамай тұр

0 395

Бүгінде Тараз қаласы қауіптілік деңгейінің «жасыл» аймағынан «сары» аймағына өтті. Алайда аурушаңдықтың тұрақтану, төмендеу үрдісі байқалмайды. Коронавирус індетін жұқтыру дерегі зейнеткерлер ішінде көп тіркелуде. Бүгінде қалада 440 қарт кісі қауіпті індетті жұқтырған. Жұмыссыздар қатарында 370 адам болса, медициналық қызметкерлер саны 50-ді құрайды

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың айтуынша, індеттің өршуіне адамдардың той-томалақтан тыйылмай тұруы да себеп болуда. Бүгінде Тараз қаласында 74 мейрамхана мен 220 кафе бар. Олардың басым бөлігі жұмыс жасап тұр десек те болады. Тұрғындардың қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтамауы да қоғамға қауіпті әрекет болып тұр.

Таразда жыл басынан бері карантин талаптарын сақтамағандарға мониторинг тобының мүшелері 200-ге жуық хаттама толтырған. Мәселен, қаңтар айында 34 хаттама, ақпан айында 47 хаттама, наурыз айында 54 хаттама, ал сәуір айының алғашқы онкүндігінің өзінде 50-ге жуық хаттама толтырылған.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.