Тараз қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

0 528
Тараз қаласы әкімінің өкімімен, қала әкімі аппаратының басшысы болып Бағдәулет Сариев тағайындалды.
Бағдәулет Жолдасұлы Сариев 1991 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген, білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетін «География», 2015 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының магистрі, 2020 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін мемлекеттік-жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы ҚазҰПУ қабылдау комиссиясының кеңесшісі болып бастаған. 2013-2014 жылдары жоғарыда аталған оқу орнының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы.
 Әр жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алатау ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы, Медеу ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы, қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
 2017-2018 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті қоғамдық — саяси жұмыс басқармасының бас сарапшысы.
 2018-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті қоғамдық — саяси жұмыс басқармасының басшысы.
 2020 жылғы наурыздан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.