Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы тағайындалды

0 623

Тараз қаласы әкімідігінің жер қатынастар бөлімінің басшысы болып Бекжигитов Беркинбек Тастемирович тағайындалды.

Бижигитов Беркинбек Тастемирович 1989 жылы 15 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек аулында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «геодезия және картография» және 2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы «ТОП Геодезия» ЖШС-де инженер-геодезист болып бастаған.
2011 – 2014 жылдары «Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорынында маман;
2014 – 2018 жылдары «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынында бас маман;
2018 – 2020 жылдары Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы;
2021 жылғы 17 мамырынан бастап Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.