Тарамдалған тарихты тоғыстырған

0 59

Ел Президенті Қ.Тоқаев «Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие бо-луы және бағалануы қажет. Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап, босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі — 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті» дей келе тарихымыздың бұл ақтаңдақ беттері әлі де зерттеле түсу керектігін атап өткен болатын. Тәуелсіздікке жету жолындағы талайы тарихымыз туралы сөз қозғала қалса, «жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жа-нуда» десіп жатамыз.

Өткен тарихқа көз жүгіртсек көптеген келеңсіздіктерден көз сүрінеді. Талай нәубетті басынан өткерген қайран қазақ ашаршылықтан қынадай қырылып, жазықсыздан атылып, жер ау-дару дейсіз бе, әйтеуір жантүршігерлік бассыздықтың бәрін де мойнымен көтере білді. Әсіресе, «бірінші жылан» аталып кеткен ашаршылықта қиянаттың қамытын киген халқымыздың сайын даласы өлексеге толып, аман қалу үшін тіпті өз баласының етін жегендерді де естіп, ет жүрегіміз езілді. Дәл осы елді дүрбелеңге салған зобалаңды дәлме-дәл жеткізген «Ұлы дала зары» фильмі де тұла бойымызды шымырлатқан еді. Егемендікке жетіп, етек-жеңімізді түрген шақта өткен тарихымызды өскелең ұрпаққа өнеге ету көрегендіктің үлгісі деп білемін. Небір қасіретті бастан өткерген еліміз жойылып кетуге шақ қалса да, мой-ымады, жасымады. Көбі кетіп, азы қалса да, ұлтты сақтап қалуға жанын салды. Шүкір, жүгірген аңның тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын алмағайып атыраптың әр белінде, әр асуында қазағым көбейіп келеді. Міне, сол ұлықты еліміздің ұрпағына өткен тарихтан сыр шертіп, тау тұлғалы тұлғаларымыздың аттарын жа-дына тоқу, ата-бабаларымыздың сара жолын жалғастыруды дәріптеу-бүгінгінің ұлы ісі мен ұраны болмақ. Осы жолда тер төгіп жүрген алдыңғы толқын ағаларымыз қаншама?!Және тағы бір сөзінде Мемлекет бас-шысы Қ.Тоқаев «Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерде-леу керек. Білікті мамандар жүйелі зерттеу-мен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн» деді. Соның бір көркем үлгісі дейміз бе, таяу күндері бізбен ылғи шығармашылық байланыста жүретін әрі бағыт беруден танбайтын ағаларымыздың бірі Мәкен Уақтегі қолтығына бір кітапты қыстырып, қуанышты жаңалығымен бөлісуге келген болатын. Баспа үйіне бас сұққанда бірінші ұшырасқан адамы мен болдым.

«Сәлем-сөздің анасы» демекші амандық-саулықтан соң, Мәкен аға: «Айғаным, мына кітапқа сенің «Бір тілім нан» деген әңгімең шыққан екен білесің бе, айналайын?» дегенде сәл тосылып қалған мен таңданысымды жасырмай, «Бұл қандай кітап болды екен?» деп кітапқа үңіле түстім. Кітаптың мұқабасына көз тастағанда «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» деген жазу көзіме оттай басылды. Ел тарихындағы естен кет-пес қасіретті кезеңдерді деректермен дәйектеген зерттеу жинағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институ-тында дайындалған, ал авторы жерлесіміз өлкетанушы Тұңғышбек Байқұлов екен. Бұл-автордың дәл осы атпен шыққан 2017 жылғы зерттеу жинағының жалғасы. Жинақ архив қорларынан табылған тың құжат материалдарымен және Әулие-Ата өңіріндегі нәубетті жылдардың куәгері болған қазыналы қариялардың естелік-әңгімелерімен толықтырылған. Кітап гранттық қаржыландыру бойынша жа-рияланып отыр. Автордың бұл еңбегі ұлт тарихына бейжай қарамайтын әрбір қазақстандыққа рухани жаңғыруға бет түзеген шақта құнды жәдігер болары сөзсіз.
Айғаным АСҚАРБЕК
Шу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.