Танымал қазақстандық боксшы Ердоғаннан көмек сұрауда

0 1 295

Бокстан Бейжің Олимпиадасына қатысушы Руслан Мырзатаев түрік елінің президентінен көмек сұрады. Айтуынша, оның екі қызын ажырасқан әйелі Сирияға алып кеткен.

Руслан Мырсатаев ажырасқан әйелі екі қызын соғыс болып жатқан елге алып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейжің Олимпиадасына бокстан аса ауыр салмақта қатысқан Руслан Мырсатаев Түркия басшысынан көмек сұрады. Әлеуметтік желіде жария болған бейнежазбада спортшы қос қызының тағдырынан алаңдап, Сирияда олардың жағдайының нашар екенін атады.
«Түрік елінің президенті Реджейптайп Ердоған мырза! Сізден менің екі қызымды елімізге қайтаруған көмектесуіңізді сұраймын. Қыздарымды анасы Жаңыл Сейдахметова 2015 жылы мамыр айында анамды алдап, Сирия алып кеткен. Сол кездері қыздарым Бішкек қаласында менің анамның қолында тұратын. Шешем оларды қатты жақсы көрді. Немерелерін сағынып, 2019 жылы қайғыдан қайтыс болды. Өле өлгенше соларды көрсем деп армандап кетті. Жаңыл Сейдахметов менің бұрынғы әйелім еді. Қыздарым Дариға мен Ралия Руслан қызы 2015 жылы бес және жеті жаста болған. Осы қыздарымды Сириядан елге қайтаруды сұраймын. Себебі, олардың жағдайы өте қиын», — деді боксшы Руслан Мырсатаев.

Белгілі боксшы неліктен Түркия президентінен көмек сұрайының себебін айтпады. Әзірге қыздарының мәселесі қалай шешілері белгісіз.

Руслан Мырсатаев 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысып, іріктеу кезеңдерінде Қытай боксшысына есе жіберген. Бірнеше жыл Қазақстан құрамасы сапында болды. Кейін «Астана арландары» жартылай кәсіпқой бокс командасымен әлем чемпионы атанған. Сонымен бірге, ол 2005 жылы қырғыз елінің атынан әлем чемпионатына қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.