Танымал альфонс жігіт айына 30 млн теңгені қалай табатынын айтты

0 1 794

Кезінде «Астарлы ақиқат» бағдарламасында өзін «альфонс» деп таныстырған Бекзат Жанзақ есімді жігіт айына қанша табыс табатынын мәлімдеді.

— Негізгі табыс көзім — құрылыс саласы. Сосын акцияларға жаймен кіріп жатырмын. Және — бәс тігу (ставка). Біздің бәс сататын командамыз бар. Біздің команда Қазақстандағы нөмірі бірінші командалардың бірі. Екі команданың қайсысы ұтатынын жөнінде сараптама жасап сатамыз. Біздің сараптаманы сатып алған адамның ұтуға мүмкіндігі мол. Бірақ, 100 пайыз ұтады деген сөз емес. Құмар ойынды пайда табу үшін емес, эмоция шығару үшін, ләззат алу үшін ойнау керек. Біз бәс сатудан айына 20-30 млн теңге арасында табамыз, — деді Бекзат Жанзақ.  Бекзат ақшаны жинамау керектігін, оны өз рахаты үшін құрту керектігін айтты. Бекзат ақшаны өзінен аямай, қымбат киімдер алатынын, гардеробында 50 млн теңгенің киімі бар екенін жасырмады

Oinet.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.