Талапкерлер екі рет бағын сынайды

0 564

Шығыс Қазақстан облысында 5 тестілеу орталығы ашылды.

 Соның бірі Аягөз қаласында жұмыс істеп тұр. Оған Үржар ауданының оқушылары да келіп, тест тапсыра алады. 1281 түлек ҰБТ-ға қатысуға ынталы. Науқан маусым айының соңына дейін жалғасады. Тестілеу нәтижесін бұрынғыдай сағаттап күтпей, сынақ аяқталған бойда көруге болады. Жалпы биыл Білім және ғылым министрлігі бекіткен ережеге сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңаша форматта өтуде. Яғни, талапкерлер бұрынғыдай білім грантын иелену үшін бір рет емес, екі рет бағын сынай алады. Осы екеуінің нәтижесі бойынша байқауға қатысуға мүмкіндік бар. Ол үшін министрліктің арнайы сайтында тіркеліп, өтініш қалдыру керек

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.