Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

0 62

Т.Рысқұлов ауданының әкімі Е. Садырқұлов Қорағаты, Ақбұлақ, Луговой ауылдық округ әкімдерімен бірге атаулы ауыл тұрғындары алдында 2020 жылы ауданымызда атқарылған жұмыстар туралы есебін беріп, биыл атқарылар жұмыстар мен міндеттерді баяндады. Өткен жылы шешімін тапқан өзекті мәселелерді түгендеп, өңірді дамытуға қатысты жоспармен таныстырды.
Аймақ басшысы өткен жылдың қорытындысымен негізгі 6 экономикалық көрсеткіштің ауданда орындалуы оң динамика қалыптасқаны туралы баяндады. Дәлірек айтқанда, өткен жылы білім саласы бойынша 17 жоба, денсаулық сақтау саласы бойынша 2 жоба, ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 3 жоба, жарықпен қамтамасыз ету және ағымдағы жөндеу бойынша 18 жоба, жолдарды орта және ағымдағы жөндеу бойынша 26 жоба, бөгеттер мен арналарды ағымдағы жөндеу бойынша 2 жоба, елді-мекендерді абаттандыру бойынша 7 жоба жүзеге асқандығын, әрі атаулы жоба аясында 1193 жұмыс орыны ашылғанын жеткізді.
Аудан әкімінің баяндамасы тыңдалғаннан кейін тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын қойып, өтініш тілектерін білдіріп, жылдық есепке бағаларын берді. Сұрақтың басым бөлігі әлеуметтік салаға қатысты болды. Өз кезегінде, аудан басшысы қойылған сұрақтарға жауап беріп, тұрғындар көтерген мәселелердің орындалуы, мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы жүзеге асырылуы қатаң бақылауда болатынын, шешімін таппаған мәселелер бюджетке байланысты кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.