Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНА «СПУТНИК V» ВАКЦИНАСЫНЫҢ 1000 ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

0 16

Өңірде коронавирусқа қарсы екпе салдыру шарасы қарқынды жалғасуда. Аудандық орталық аурухананың ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күннің өзінде Т.Рысқұлов ауданында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғандардың саны 6625-ке жеткен.
Осы орайда апта басында ауданға «Спутник V» вакцинасының тағы 1000 дозасы жеткізілген. Жалпы алғанда 1 ақпаннан бері ауданға барлығы 9450 доза вакцина жеткізілген.
Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың жалғыз жолы — жаппай вакцина салдыру. Жалпы вакцинаның пайдасы ол біріншіден организмде иммунитет қалыптастыру және ауруды болдырмау. Вакцинаны салдыру екі компоненттен тұрады. Алғашқысы 65-75% инфекциядан қорғаса, екінші компоненті 95% қорғайды. Сол себептен әр адам өзі жауапкершілікпен қарауы керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.