Т. Рысқұлов ауданы әкімінің есепті кездесулері жалғасуда

0 370

Кезекті есепті жиын Қайыңды, Тереңөзек, Ақыртөбе ауылдық округ әкімдерімен бірге атаулы ауыл жұртшылығы алдында аудан әкімі Е. Садырқұлов 2020 жылы ауданымызда атқарылған жұмыстар туралы есебін беріп, биыл атқарылар жұмыстар мен міндеттерді баяндады.
Жиында аудан әкімі білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларында тындырылған істерді баяндап, әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалған жұмыстардан да хабардар етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің « Орталық атқарушы органдар басшылығының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі арқылы ауыл тұрғындары аудан әкімдігінің жұмыстарымен танысып, өңірді дамыту және ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін жақсарту бойынша өз ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.