«Соңғы қоңырауға» қатты «қуанған» жамбылдық 70 оқушы

0 275

Мектептен құтылғанына «қатты» қуанған жамбылдық жетпіс оқушы полицияға жеткізілді.   

«Кәмелетке толмағандардың  түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде  болғаны  үшін  кафе-бардың  2 иесі  жауапкершілікке тартылды. Дүкеннің екі иесі — алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін, 71 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналық  міндеттерін тиісінше орындамаудың 1 дерегі анықталды.  Тұтастай алғанда, облыс бойынша іс-шаралар  өткізу барысында  төтенше  жағдайлар орын алған жоқ. Кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту  деректері анықталмады», —  дейді облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов.

Естеріңізге сала кетсек, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық ортаға тартуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысының барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарда патрульдік қызмет жасақтарының тығыздығын күшейтті, сондай-ақ шомылу орындары бақылауға алынды.

Дерек пен фотосуреттер жамбыл облыстық полиция департаментінен алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.