Смартфоны жоқ қазақстандықтар вакцинация паспортын қалай алады

0 196

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты электронды денсаулық сақтауды дамыту департаменті смартфоны жоқ қазақстандықтардың вакцинация төлқұжатын қалай алатындығын айтты

Енді вакцинация төлқұжатын EGOV мобильді қосымшасынан алуға болады. Қазір құжатты басып шығару және оны қағаз түрінде пайдалану мүмкіндігі әзірленуде.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі басып шығару үшін QR коды бар вакцинация паспортын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Оны клиникада басып шығаруға болады», — деп хабарлады департамент.

Бастаманы 2021 жылдың 1 маусымына дейін жүзеге асыру жоспарланып отырғаны атап өтілді. Басылған төлқұжатты оған QR кодын орналастырғаннан кейін пайдалануға болады.

Осыған дейін, батырмалы телефондары бар қостанайлықтар вакцинация төлқұжатын алуда қиындықтарға тап болғаны белгілі болған. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бүгінгі таңда мобильді қосымша төлқұжат алудың жалғыз әдісі екенін растады.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.