Скриптонит коронавирус жұқтырды

0 291

Скриптонит деген атпен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов коронавирус инфекциясымен ауырып қалды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

 

“Коронавирус инфекциясын (COVID-19) жұқтырғаныма байланысты 36 Summer Jam 27 маусымға ауыстырылды. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және сіздер түсінесіздер деп үміттенемін”, – деді рэпер.

“Сатып алынған билеттер жаңа күнге жарамды. Біз міндетті түрде Gazgolder-де 36 Summer Jam-да көрісеміз! Жаңалықтарды қадағалаңыз. Барлығына көп рақмет», – деп жазды Скриптонит Instagram-да.

Жанкүйерлер әншіге тезірек сауығып, қалпына келуін тіледі.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.