Синтетикалық есірткі сақтаған тараздық азаматша ұсталды

0 343

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов фейсбуктегі парақшасында xабарлады.

«Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы азаматшаны ұстады. Полицейлер оның сөмкесінен ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат салынған түйіншек тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған зат – жалпы салмағы 4 грамм «Alfa-PVP» синтетикалық есірткісі болып шықты.

«Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты жүйке жүйесіне өте қауіпті психобелсенді әсерін тигізеді, ағзаны бүлдіріп, тез тәуелділікке алып келеді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген» — деп жазды полиция генерал-майоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.