Шымкентте құдалық өткізгендер анықталды

0 160

Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын сақтамай, құдалық өткізуге рұқсат берген мейрамхананы анықтады, Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы ПБ-ның қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде.

2021 жылдың 22 мамырында сағат 13:49-да аудан аумағында орналасқан “Тұмар” мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, бірінші қабатта – 30, екінші қабатта 100 адамнан асатын “Құдалық” той өткізіп жатқанын анықтады. Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізгендерден түсініктеме алынды.

Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.