Шымкентте дәрігерлер үш айлық баланың ішінен түйреуіш алып шықты

0 124

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына тыныс алу жолында бөгде зат бар деген күдікпен үш айлық қыз баласы жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.

Нәрестені шұғыл түрде тексерген дәрігерлер рентгенограмма жасаған. Тексеру қорытындысында трахеяның жоғарғы үштен бір бөлігінде түйрегіш анықталды.

Баланың ішіндегі қауіпті затты алып шығу үшін ауруханадағы білікті хирургтар А.Тулкибаев, Н.Қоянбаев және анестизиолог дәрігері Б.Тотиков шұғыл түрде операция жасаған.

«Ота кезінде фибробронхоскоп аркылы кіріп, іштегі түйрегішті алып шықтық. Операция тіліксіз өтті. Баланың жалпы жағдайы жақсы, емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем алуда», — дейді ота жасаған дәрігер А.Түлкібаев.

Мамандардың айтуынша, орталыққа бөгде зат жұтып қойған балалар жиі келіп түседі. Бөгде заттар ауыз қуысы мен жұтқыншақ арқылы өтіп, трахея мен бронхқа енеді. Ірі бөтен денелер өңеш арқылы өте алмайды.

Бөгде денелердің өлшемдері әдетте ұсақ (моншақтар, бұршақ, тырнақтар, түймелер, инелер, түйреуіштер, сүйектер, ұсақ тиындар). Үлкен бөтен денелер немесе өткір формасы бар заттардың трахеяның қабырғаларына немесе негізгі бронхтың қабырғаларына, ал сол жаққа қарағанда оң жақта жиі тұрып қалу қаупі өте жоғары.

Балалардың бронхтары мен трахеяларына әртүрлі заттар енуі мүмкін: тұқымдар, түймелер, түйреуіштер, қағаз қыстырғыштар, тырнақтар мен түймелер, ойыншық бөлшектері және тағы басқалар.

Мұндай жағдайлар көбінесе ата-ананың қарауынсыз қалған балаларда жиі кездеседі, дейді дәрігерлер.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.