Шымкент пен Түркістаннан Ыстамбұлға рейстер 22 мамырдан бастап ашылады

0 217

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент – Ыстамбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді

​»Turkish Airlines» әуе компаниясы 2021 жылғы 22 мамырдан бастап Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады», — делінген ИИДМ хабарламасында.

Ал түріктердің «Pegasus Airlines» әуе тасымалдаушысы 2021 жылғы 23 мамырдан бастап Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.

Ведомствоның мәліметінше, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай рейстер санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр. Рейстер санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

kaz.tengritravel.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.