Шымкент: Биыл ауылшаруашылығына 3,5 млрд теңге субсидия қаралған

0 336

Шымкентте биыл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артқан. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 млрд.теңгеге артып, жалпы 6,5 млрд. теңгеге жеткен.

Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков осы жылдың I тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша қала әкіміне берген есебінде баяндады.

Басқарма басшысының сөзінше, ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорт көлемі 36,5 млн АҚШ долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 103,1 % немесе 1,1 млн АҚШ долларына артқан. Ал, тамақ өнімдері үшін 2,9 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 %-ға көбейіп отыр. Биыл осы бағыттағы шаруаларды қолдау мақсатында бюджеттен 3,5 млрд теңге субсидия бөлініп, есепті кезеңге қаралған 253,3 млн теңге толық игерілді.

А.Қаныбековтың есебін тыңдаған қала әкімі шаһарда ет, сүт, құс шаруашылығын және терең өндірісті дамытудың маңыздылығына тоқталып, бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

– Терең өндірісті күшейткен жағдайда ғана қала экономикасы дамиды. Шымкент тоғыз жолдың торабында орналасқан. Көршілес аймақтарда өсірілетін өнімдерді терең өңдеу – басты бағыт. «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты Президент тапсырмасына сай, әлеуметтік дүкендердің санын көбейту керек. Бұл бағытта ірі маркеттерде «Шымкент өнімдері» деген арнайы бұрыштарды ашуды қолға алу қажет, – деді М.Әйтенов.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.