Шығыс Қазақстанда той өткізуге рұқсат берілгені рас па

0 176

Шығыс Қазақстан облысында той өткізуге рұқсат берілгендігі туралы ақпарат жалған.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір аумағында той өткізуге рұқсат берілгендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанда адам көп жиналатын салтанатты шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге болатындығы жайлы ақпарат тарап кетті. Бұл шындыққа жанаспайды.

Аймақ бойынша тек Ashyq жобасына қатысатын банкет залдарына тек еске алу шараларын өткізуге рұқсат берілген» , — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін шектеулерді айналып өткісі келген жас жұбайлар 160 қонаққа әуеде той жасағанын жазған болатынбыз.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.