Шығын 4 миллиард теңге. Банк топ-менеджері мен экс-шенеунік Қазақстанды алдаған

0 385

Алматыда 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін 7 жалған компания арқылы 3,9 миллиард теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Іс фигуранттары ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімше басшысымен бірге 6 адам бар.

«Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 216-бабы 3-бөлігі (Нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.

Қылмыстық топ мүшелерінің мүлігі мемлекет кірісіне айналдырылды», — делінген хабарламада.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.