Шуда ауыз су мәселесі шешілуде

0 261

Газ және ауыз сумен қамту бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері қатарында. Бұл ретте, Шу  қаласы және аудандағы 24 ауылдық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 2020 жылға Шу қаласындағы Қосқұдық мөлтек ауданына және Оразалы батыр ауылының  су жүйелері мен су шығару ғимараттарының құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Көкқайнар, Сауытбек, Ақтөбе, Төле би ауылына кіреберіс сол жақ беткейі, Шу қаласындағы Қант зауыты мөлтек ауданы, Енбекші ауылдарын ауыз сумен қамту жұмыстарының құжаттары әзірленді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптама қорытындысы алынуда. Сондай-ақ Көктөбе ауылына ауыз су құбырын жүргізуге қаржы бөлуге 760 миллион теңгені құрайтын бюджеттік өтінім берілді.

Бұдан бөлек, аудандағы 12 елді мекен Шу қаласы, Жаңажол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем, Алға, Сауытбек ауылдарытолық газдандырылған. 2020 жылы газдандыру жоспарына енгізілген 18 елді мекеннің 5-інде магистралды газ құбыры тартылып, ауыл ішіне реттеу пунктері орнатылады. Биыл 7 елді мекенге магистралды газ құбыры салынбақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.