Шу қаласында жаңа саябақтың құрылысы жүруде

0 290

Шу қаласындағы Қант зауыты мөлтек ауданында жаңа саябақ салынуда. Бұл туралы аудан әкімі өткен жылы қаланы аралау барысында айтқан болатын. -11 мың халқы бар мөлтек ауданының тұрғындарына арналған арнайы сейіл орындары керек. Бұл жер тұрғындардың сүйікті орнына айналатыны сөзсіз,- деген еді өз сөзінда Нұржан Календеров. Уәде еткендей биыл саябақтың орны дайындалып, құрылысқа қажетті материалдар жеткізілуде. Демалыс орнында арнайы спорт алаңшасы мен стрит воркаут және балалар ойын алаңшасы салынатын болады. Сондай-ақ, орындықтар мен жарық шамдар орнатылады. Қазірдің өзінде ондағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар жарамсыз ағаштар алынып, әзірленген орында ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Саябақтың сметалық құны 50 млн. теңгені құрайды.
Басты мақсат қала жастарына қолайлы микроклимат жасау. Жергілікті тұрғындар жаңалықты қуанышпен қабылдап, балаларының бос уақытын тиімді өткізуіне үлкен көмек болатындығын айтып отыр.

sheraga.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.